Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев тарихи маңызы бар "Әбдіқадір" мешітіне арнайы барып, жұма уағызын жүргізді.
Жамағатқа маңызды хабарландыру жасап, аталған мешітке жаңа имамды тағайындады. Көпшілікке бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, Бекболат Мыңбаевты таныстырды.
Мыңбаев Бекболат Викторұлы бұған дейін Тараз қаласы, «Бегалы ата» мешітінің имам қызметінен атқарған болатын.
Бас имам маманның дін саласына сіңірген еңбегін тілге тиек етіп, жаңа қызметіне жеміс тіледі. Ал мешіт қариялары жаңа имамдарына ақ баталарын беріп, жылы қарсы алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ" МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ