ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері арасында қалалық деңгейде қыз-келіншектердің волейболдан турнирі өтті.
"Ынтымағы жарасқан жастар" атты спорттық додаға 4 топ қатысты. Сайысқа сақадай сайланған нәзік жандыларға ҚМДБ-ның облыстағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева мен қалалық мешіттерге жауапты ұстаз Жібек Қолағұлова және волейбол маманы төрешілік етті.
Тартысты өткен ойын нәтижесіне сай 1 орынды "Һибатулла Тарази" мешіті жеңіп алды. Ал 2 орынды "Кеңесхан қажы" мешіті иеленсе, 3 орынды "Әл-Әділ" мешіті, 4 орынды "Әзіреті Әлі" мешітінің құрамасы місе тұтты.
Жүлдегерлерге алғыс хат пен медальдар табысталды. Сонымен қатар 1 орынға 20 000 теңге, 2 орынға 15 000 теңге, 3 орынға 10 000 теңге қажылай сыйлықтар тарту етілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі