Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор-теологі Бауыржан Пирназаровтың ұйымдастыруымен аудандық Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына «Ғаламтордан діни білім алудың қауіпі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, қазіргі таңда ғаламтор арқылы адамдар кез-келген уақытта және қай жерде болмасын, қалаған мәліметіне қол жеткізе алатындығы жайында және әр мәліметті сенімді дерек көздерден алу керектігі айтылды. дінге қатысты қандайда бір сұрақ туындаса жергілікті мешіт қызметкерлеріне қайырылуды насихат етті.
Жиын соңында, шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі