Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде «Кішіпейілділік - дініміздің негізі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді.
Мешіт қызметкерлері жиналған қауымға: «Адамның дүние тіршілігінде құрметін арттырып, ақыреттік бақытқа кенелуіне себепші болатын сипаттардың бірі – кішіпейілдік. Кішіпейілдік дегеніміз – өзгелерді менсінбеуден аулақ болу немесе адамдарға жоғарыдан қараудан сақ болып, атақ сүйгіштікті, басқалардың өзін көтермелеп, құрметтеуін ұнатпай, керісінше оларды сыйлауда ыждағаттылық, мейірімділік таныту», - деп, кішіпейілділік тақырыбын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Алла Тағала Елімізге, Жерімізге амандық пен тыныштық нәсіп етіп, Еліміздің Тәуелсіздігін мәңгі етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі