Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың бастамасымен мешіт жанынан жаңа дәретхана бой көтеруде.
Мешіттің ескі дәретханасы 2-3 адамға ғана есептеліп салынған болатын. Жамағаттың артыуына байланысты жаңа дәретхананың құрылысы басталған болатын. Осыған дейін дәретхананың іргетасы құйылып, қабырғасы көтеріліп, іші-сырты сыланды. Бүгінгі таңда суы ішке кіргізіліп, газ құбырын жүргізіп, жылыту жүйесі орнатып, кәріз құбырлары жүргізілуде.
Осы игі іске атсалысып жатқан барша ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала мешітке қарайласып жүрген барша тұрғындардың ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі