#Рысқұлов: Кәсіпкер ұшыр таратты

#Рысқұлов: Кәсіпкер ұшыр таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітіне еккен егістігінің өнімін алған кәсіп иесі ұшыр ретінде қап-қап пияз берді. Бұл пияздарды ауыл имамы Омаров Ерғали ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға таратып берді.

Ұшыр  – астық және жеміс-жидектің зекеті. «Ұшыр» сөзі араб тілінде «оннан бір» немесе «ондық» деген мағына береді. Яғни жиналған астықтың оннан бірін немесе оннан бірінің жартысын зекет ретінде шығару керек болғандықтан, оны «ұшыр» немесе «ұшырдың жартысы» деп айтады.

Фиқһ ғұламалары Құрандағы: «Әй, мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан, тиісті орынға жұмсаңдар», – деген аят мағынасынан егістік өнімінің зекеті беріледі деген үкім шығарған. Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаңбыр және теңіз суымен суғарылған егістік өнімінің онда бірін, шелекпен суарылған егістіктен жиырмада бірін ал», – деп зекет мөлшерін белгілеген.

Бұл хадисте бау-бақша мен егістік жер құдық суымен немесе су тартатын аппарат (насос) арқылы суғарылып, дәрі-дәрмек сеуіп, өнім алынатын болса, өнімнің 5%-ы зекет ретінде беріледі. Ал, егістік жаңбыр, канал, арық суымен суғарылса, өнімнің 10%-ы зекет ретінде алынады. Яғни, шығын көп болса, берілетін зекет мөлшері аз болады, ал шығын аз болған жағдайда берілетін зекет мөлшері көп болады. Әбу Ханифаның көзқарасында жоғарыдағы аят-хадистер егістік өнімінің барлық түрін қамтиды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: