Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Қарақат ауылына баратын жол бойына отырғызылып жатқан абаттандыру жұмысына қатысып, халықпен бірге тал отырғызды. Жол бойына 300 түп шырша ағашы және 500 түптей қайың мен тал ағашы отырғызылды. Бұл ауқымды іс шараға аудан имамы мен аудан әкімі және Құлан ауылының әкімдері де қатысып, өз үлестерін қосты.
Абаттандыру жұмысына ат салысқан барша қызметкерлер мен еріктілерге аудан имамы батасын беріп, істеріне береке, елімізге тыныштық тіледі. Сонымен қатар, Қарақат ауылының имамы Барменов Азаматта «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қазақ нақылын басшылыққа алып, сол жерден табылып, қолдан келген көмегін көрсетті.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі