"Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың" демеші, жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі. Ал бұл игілік, жақсылық жасау мешіттерге тән қасиет болып қалыптасып алған-ды.
Оның бір дәлелі үйі өртенген жанға аудандық "Жәми" мешіті дереу қолға алып, көмек қолын созғанынан да байқаймыз. Қып-қызыл өртке оранып, бар тапқаны күлге айналған отбасыға ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев барып, хал сұрап, жәрдемін табыстап қайтты.
Бұл шаңыраққа күні зейнетке қараған ақ жаулықты ана тұтқа болып отырған көрінеді. Баласы сотталған соң, келіні мен 4 шүйкебас немересі жәутеңдеп, өзі де қиын жағдайда қалды. Оның үстіне үйлері өртеңгені тағы бар. Қырық шырақты болған ана отбасын өзі асырап отыр. Бас имам ақ жаулықтыға көмек ретінде 54 000 қаржылай көмек пен қайырымдылық ретінде азық-түлігін арқалай барды.
Жанұя қатты қуанып, имамға және мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі