Шу аданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы және Ішкі саясат бөлімінің басшысы Балаби Алибиұлымен дидарласты. Жиында өңірдегі діни ахуал мәселесі талқыланды.
Ел ағалары аудандағы дін насихатын, теріс ағыммен жұмыс мәселесін, отбасы құндылықтарын мешіт пен мемлекеттік мекемелердің бірлесе насихаттауын, қоғамда болып жатқан қиындықтарды шешу жолдарын қарастырды.
Әр тарап өз ұсыныстрын ортаға салып, талқылап, нақты бағыт пен жоспар құрылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі