Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев және ЖАНТ мүшесі Дәурен Құттыбаев мәдениет үйінде аталған мекеменің қызметкерлерімен "Ислам және ізгі қоғам" тақырыбында кездесу өткізді.
Сонымен қатар мемлекет қызметкерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, неке және отбасы мәселелеріне қатысты кеңестер берілді.
Қос іс-шарада ізгі қоғам қандай болады, әркімнің өзінен бастауы, жат ағымнан сақтану, отбасы құндылықтары, неке және оған дайындық, отбасы мәселелері, бала тәрбиесі жайында түйінді ой, сүбелі насихат айтылды. Көпшілік ұйып тыңдап білікті дін мамандарына өз сауалдарын қойып, дәлелді, дәйекті жауаптар алып тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі