Қордай мешіттерінде ауыл тұрғындарынан жер өнімдері мен пияз, картоп, сарымсақ сынды көкөністерден ұшыр садақасы жиналды. Жиналған садақа Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» медресесінде тәлім алып жатқан шәкірттер мен қариларға жіберілді.
Ұшыр - жерден щыққан өнімдерден берілетін зекет. Жер өнімдерінен (егін және жеиіс-жидек) зекет беру- парыз. Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Тапқан нәрселеріңнің және Біз сендер үшін жерден шығарғандарымыздың жақсыларынан жұмсаңдар» деген. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жерден шыққан өнімнен берілетін зекет мөлшерін баяндап: «Жаңбыр және ағын сумен суғарылған егістік өнімінің оннан бірі, шелекпен суарылғанның жиырмадан бірі беріледі»,- деген.
Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі