Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» мешітінің жанындағы медресе-колледжінде діни білім беріп жатқан ұстаздарымызға және білім алып жатырған шәкірттерімізге ақ дастархан жайылды.
Аудан имамы Азамат Берікұлы осы игі іс-шараға демеуші болған Меркі ауданына қарасты «Ас-Салям» қайырымдылық қорына алғысын білдіріп, батасын берді.
Жиын соңында, медресе ұстаздары жалпы қонақтарға, демеушілік еткен жандарға алғыстарын білдірді!
Айта кетейік, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде Исламтану бөлімінде 45 шәкірт, дуалды оқу бөлімінде 30 шәкірт, қарилық бөлімінде 21 шәкірт тәлім алуда. Және де шәкірттермен білгенін бөлісіп жүрген 13 ұстаз қызмет етуде.
Алла Тағала елімізден, жерімізден көптеп білімді елге, жерге абыроймен адал қызмет ететін азамттар шығуын нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі