Алла кімді тура жолына саламын десе болғаны сол адамның өмірі 360 градусқа бірақ өзгеріп салады. Мұндай жағдай Улианна есімді жас қыздың басынан өтті. Жас болса да Алланы іздеп, исламды жүрегіне жақын тұтқан қыз ата-анасының тәрбиесінен христиан дінін ұстанатын. Мұсылман боламын деген ниетпен мешітке келіп, ұстазға жолықты.
"Кеңесхан қажы"мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова мен шәкірттері Улианнаны жылы қарсы алды. Исламның қандай дін екенін жеткізіп, кәлима-шахада айтуына көмектесті. Ұстаз тілін кәлимаға келтіру үшін иман сөзін қайталап, осылайды Улианна есімді өзге дін өкілі исламды қабылдады.
Қыз-келіншектер бұл сәтке қатты қуанып, әйел затының нәзіктігі, қорғаны болған жаулықты, тәттілер мен гүл сыйлады. Орамалды тартып беріп жамағат "ортамызға қош келдің" деп құттықтау айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі