#Меркі ауданы: «Бір өңір – бір кітап» науқаны

#Меркі ауданы: «Бір өңір – бір кітап» науқаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанда республикалық «Бір өңір – бір кітап» науқаны ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Осы орайда, Меркі аудандық орталық кітапханасында «Бір өңір – бір кітап» науқаны өтті. Науқанның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.

Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он жетінші мәрте ұйымдастырылуда.

Жиынға арнайы шақырылған «Жақсымбет» мешітінің имамы Қасымалиев Қыдыралы «Исламдағы білім» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында Алла Тағаладан түскен ең бірінші аят «Оқы!» болғанын, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім - әрбір мұсылманға парыз», - дегенін жеткізді.

Уағыз соңында жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: