Ақыртас — археологиялық кешен, қазіргі Тараздың шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансасынан 6 км оңтүстікте, Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан.
Осындай тарихи жерлерге бару мақсатында ҚМДБ-ның бағыттарының бірегейі «Дархан дала» жобасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты ауыл имамдары Ақыртас тарихи өлкетану қалашығына барды. Қалашыққа саяхатты Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы бастап, іс басқарушы Арман Ерболұлы, «Ан-нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафилбекұлы, «Кеңес» мешітінің имамы Әли Олжабайұлы, «Мәдімар» мешітінің имамы Рахметов Жақсылық, «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы және «Жаңатұрмыс» мешітінің имамы Октан Сүйіндік ежелгі қалашықтың тарихымен танысты.
Қазір бұл, тау шатқалынан бастау алатын, құрғап бара жатқан бұлақтардың арналары кескен, тау бөктері. Ескерткішті зерттеу 19 ғасырда басталды. Шығыстанушылар, архитекторлар және археологтар өз еңбектерін осы бірегей ескерткішке арнаған. Ақыртас кешені алғаш өлкетанушылар мен ғалымдар В.А. Каллаур, П.И. Лерх, Д.И. Иванов, В.В. Бартольд және Г.И. Пацевич зерттеген. 1936 ж. Ақыртас қирандыларында КСРО ҒА мен ММЗИ Қазақ филиалының археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) болды.
Сол кезде обалар қазылған болатын. 1940 және 1945-46 жж. Ақыртасты Г.И. Пацевич зерттеді. 1945 ж. ескерткіште ҚазКСР МК жанындағы архитектура ісінің Басқармасы өлшеу жұмыстарын жүргізді. Материалдарын 1950 ж. Т.К.Басенов жариялап, солтүстік қасбетте мұнаралар барын анықтады, Ақыртас жоспары түзетілді. Ескерткішті археологиялық тұрғыдан жоспарлы зерттеуді проф. К.М.Байпақовтың басшылымен ОҚКАЭ 1992 ж. бастады.