#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ «БАЙЗАҚ БАТЫР» КЕСЕНЕСІНДЕ

#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ «БАЙЗАҚ БАТЫР» КЕСЕНЕСІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ Мәмбетұлы – елі­міздің оңтүстік өңірінде Қоқан хан­дығына және Ресей импе­рия­сына қарсы ұлт-азаттық көте­рі­лісті ұйымдастырушы батыр ретінде тарихтан белгілі.  Ақы­ры ол Қоқан ханы Әлім­құл­дың бұйрығымен зеңбірек аузына байланып атылады. Ал батыр­дың шашылып кеткен дене­сінен қалған екі саусағы Талас өзенінің бойындағы Са­рыкемер ауылының маңына жерленеді. Бұл күнде батыр кесенесі Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірінен саналады. 

«Дархан дала» жобасы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлының жетекшілігімен ауыл имамдары «Байзақ батыр» кесенесіне барып тарихымен танысты. Рухани шараға Байзақ ауданының іс басқарушы Арман Ерболұлы, «Ан-нағим» мешітінің имамы Сейдали Тафилбекұлы, «Кеңес» мешітінің имамы Әли Олжабайұлы, «Мәдімар» мешітінің имамы Рахметов Жақсылық, «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы және «Жаңатұрмыс» мешітінің имамы Октан Сүйіндік қатысып баба рухына Құран аяттарын оқылып, елдің тыңыштығы үшін дұға жасалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы 100 нысанының тізіміне аудан орталығы Сарыкемер ауылы маңындағы «Байзақ баба» кесенесі енгізілген болатын. Аталған кесене «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойында орналасқан. Енді тарихи нысан айналасы көріктендіріліп, абаттандырылатын болса, бұл болашақта туристердің келіп тамашалайтын қасиетті орнына айналмақ. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: