#Рысқұлов: «Екі дүние сардары» тақырыбында насихат жасалды

#Рысқұлов: «Екі дүние сардары» тақырыбында насихат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы  Сұлтаншәріп қажы Джадраев аудандық мешітте «Екі дүние сардары» тақырыбында имани кездесу өткізді. Шараға жиналған жамағат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір тарихынан насихат тыңдап, өмірлеріне өнеге алды.

Ауданның бас имамы насихатында: «Құранның «Әли Имран» сүресінің 31-аятында: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», - деп айт. Алла өте кешірімді, (әсіресе мүмін құлдарына) ерекше мейірімді» , - деп атап өтті.

Әдетте, адам өзі қадірлеген және құрмет еткен тұлғаның әрбір сөзі мен іс-әрекетін қалт жібермей үлгі тұтары заңдылық. Өйткені, тұлғаны тұлға етіп қалыптастыратын нәрсе – оның елден ерекше парасатты сөзі, ұшқыр ойы мен өткір ақылы һәм ықылас пен шынайылыққа толы ыстық жүрегі. Ендеше, ардақты пайғамбарға ﷺ деген сүйіспеншіліктің белгісі – оның сүннетін өмірлік ұстаным ету. Әрбір сөзін және мінез-құлығын бойға сіңірумен сүннет өмірлік салтқа айналады, - хадиске түсіндірме жасады.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: