#Рысқұлов: «Анашым – жәннатым» атты кездесу өтті

#Рысқұлов: «Анашым – жәннатым» атты кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Қонаев ауылындағы «Жақып» мешітінің имамы Ерлік  Қожахмет ауылдың мәдениет үйінде аналар күніне орай «Анашым – жәннатым» атты тақырыпта ауыл тұрғындарымен кездесу жасады. Кездесуге тек қазақ емес басқа ұлттың аналары да қатысты.

 Ерлік имам кездесуде: «Али ибн Әби Талибтан (р.а.) риуаят етілген хадисте: Мен Алланың Елшісінен былай деп айтқанын естідім: «Мен әке – шешемнің хақысын өтемеуден тазамын» - деді. Сонда мен айттым: - Ей, Алланың елшісі, егер де әке–шешенің ақысын өтейтін еш нәрсе болмаса, не істеу керек? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егер ол екуінің сөзін естіген болсаң, естідім де, мойын ұсындым - деп айт. Ол екеуі үшін «туһ» деме. Сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» - деді. Тағы бір хадисте: Бір кісі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға келіп айтты: - Ей Алланың елшісі, Дүние және ахиретте пайдаланатындай маған өсиет айтыңыз - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): - Әке-шешең бар ма?- деп сұрағанда. Әлгі кісі: - Иа, бар - деп жауап беріпті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Олай болған болса, ол екеуінің ақысын өтеп, тамақтандыратын болсаң, Алла Тағала әрбір жұтым тағамынан сен үшін жәннәттан сарайлар тұрғызып береді» - деп, асыл пайғамбардың өнегеге толы сөздерін ашықтап, баяндап өтті.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: