#Рысқұлов: «Қайырымды жұма» акциясы іске асты

#Рысқұлов: «Қайырымды жұма» акциясы іске асты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінің имамы Талғат Таукеевтың ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылып, мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Құранда Сәбә сүресінің 39 шы аятында: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады», демекші, қайырымдылық жасаған, садақа қылған пенденің мал-мүлкіне береке кіріп, оның орнын артығымен толтырып беретіні сөзсіз.

Алла Тағала осы игі амалдың жүзеге асуына атсалысқан барша жандардың өміріне береке беріп, Алла екі дүниеде бақытты қылғай! Әмин!

Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: