Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауыл имам-молдаларының кезекті жиналысы өтті.
Жиналыста Қанат Әділханұлы: «Алланың дінін таратып, уағыз айту – Жаратқанның разылығына жетудің ең жақын жолы. Алла елшісі: «Кімде-кім тура жолға шақырса оған ерген адамдардың сауабы ешбір кемшіліксіз шақырушыға жазылады» дейді. Көркем уағыз айтудың басты шартының бірі ықылас, ниеті дұрыс болса, болғаны. Сондай-ақ уағыз айтқанда кейбір қасиеттерді дамытып отырған дұрыс. Оның алғашқысы үнемі білім алу, ізденісте жүру, білгенге амал ету, сабырлы болу, дінге көркем мінезбен шақыру, қоғамның қажетін білу, талас-тартысқа бармау және ҚМДБ жанындағы Әдеп кеңесінің тәртібіне бағыну», - деді.