"Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағатына арналған рухани жиын жасалды. Шара барысында ұстаз Зейнеп Үсенова "Ихсан - әдеп негізі" тақырыбында насихат айтты.
Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева, "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова, шәкірттер мен ақ жаулықты әжелер келіп қатысты. Ұстаз ихсан ілімі турасында мардымды уағыз, ой түзер үгітпен қанаттандырды.
Жиын соңында ақ дастархан жайылып, жамағаттың аптасына 2 мәрте оқып отырған Құранның хатым дұғасы жасалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі