Алла Тағала адам баласын басқа барша жаратылыстан ерекшелеп, ақыл мен сана беріп, бойын тіктеп, көркем түрде жаратты. Айта берсе сөз жетпейтін көптеген артықшылықтар берді. Оның бәрін шариғат тілінде «нығмет» деп атайды. Сол нығметтердің бірі денсаулық.
Адам баласы барында бағалай алмай, айырылып қалса, таба алмайтын баға жетпес байлық та сол тәннің саулығы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», - демекші Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты емхана қызметкерлерімен аудан бас имамы Қанат Әділханұлы кездесіп, «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбында насихат айтып, емхана қызметкерлерінің қойған сұрақтарына жауап берді.