#Шу: Салауат айтудан жарыс өтті

#Шу: Салауат айтудан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласының есепсіз сауаптарға кенеліп, Алла Тағаланың мейіріміне бөленіп, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына кенелуіне себеп болатын амалдардың бірі – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту.

Игі істе жарысу мақсатында "Жәми" мешітінің ұстазы Гүлжан ұйымдастыруымен шәкірттер арасында салауаттан 1 апталық жарыс өтті. Қыздар 1 апта бойы үзбей, қолдан келгенше Алла елшісіне (Алланың оған игілігі мен салауаты болсын) салауат айтты. Бұл үшін шәкірттер электронды тәспіні қолданған болатын. 

Көп ішінен оза шыққан жеңімпазға Пайғамбарымыз (с.а.у) өмірбаяны кітабы табысталды. Ұстаз қыздарға салауаттың пайдасы жайлы насихат айтып, жүлдегерге сыйлықты табыстады.  

"Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: