Бүгін Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен дәулетті азаматтардың мешітке табыстаған 10 бас қой зекет малы таратылды.
Аталған мешіттің имамы зекет беруші азаматтармен бірге мұқтаж отбасылардың үйін аралап, берекесімен қуантып, батасын алып қайтты.
Зекет беру арқылы мұқтажадам мен ауқатты адамның арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік артады. Осыны терең түсінген халқымыз «Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін», «Қайырсыз адам – сараң, құм ішінде шөлмен тең, қайыры мол адам – суаты шалқар көлмен тең», – деп, ауқатты адамдарды мал-дүниесі арқылы қоғамға пайда тигізуге шақырған.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі