Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының жетекшілгімен ауыл имам-молдалары аттестацияға дайындалуда.
Дайындық барысында имамдарымыз фиқһ, ақида, ислам тарихы, заң және ҚМДБ қабылдаған құжаттар аясында дәрістер алып, тест сұрақтарына жауап береді.
Қанат Әділханұлы: «Маңызды емтиханға барлықтарыңыз қатысасыздар. Аталмыш аттестациялау үш жылда бір рет ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты – имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру болып саналады.
Айта кетейік, аттестация үш деңгейден тұрды. Емтихан барысында, аудан және ауыл имамдары В және С санаттары бойынша өз білім деңгейлерін көрсетеді», - деді.



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

