#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітіне жаңа шәкірттер тобы қабылданды

#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітіне жаңа шәкірттер тобы қабылданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітіне Діни сауат ашу курсының жаңа 2023-2024 оқу жылына 1 сатыға 45 шәкірт қабылданды. Топ Құран әліппесінен бастап, фиқһ, ақида, пайғамбарлар тарихы, ахлақ сынды пәндер бойынша дәрістер алады. 

Ал осы уақытқа дейін оқып келгендер 2, 3 сатыда курсты жалғастырмақ. Қазіргі таңда аталған мешіттің қыздар сауат ашу тобында 100-ден астам шәкірт білім алуда.

Дінтану ғылымдарының Phd докторы, ұстаз Зейнеп Жәдігерқызы алғашқы дәріске келген көпшілікке білім алудың парыз болуы, ниеттің маңызы жайлы уағыз айтты. 

Ұстаз өз сөзінде: "Білім тек ұстаз тарапынан берілмейді, ілім алуда шәкірттің жігері, сабыры сынға түседі. Сомен күресе білген адамға ғана білім сіңімді болады. Сондықтан бейбіт заманымызда білім алуға еш кедергі жоқ кезде білім алып қалу керек" - деп атап өтті. 

Дәрісте ұстаз ақыл туралы, оның нәпсімен күресі жайлы насихат жасап, жамағатқа терің ой салды.

Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: