Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы Жайна Бекназарова "Дін мен дәстүр" бағыты бойынша "Тұсаукесер" ұлттық дәстүріне арналған іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеу арқылы шәкірттерге өнеге болу, бағыт беру, тұсаукесердің дінмен қиысқан жерін айшықтап түсіндіру.
Мешіт шәкірті Айгерім Жалғасбаева қызы Ясминаның тұсауын кестіріп, ақ жаулықты аналардың батасын алып, алғысына бөленді. Дәстүріміз бойынша барлық жөн-жоралғылар орындалып, мерекелік көңіл-күй сыйлап, шарадан шат-шадыман тарқасты. Аталған іс-шараға 23 шәкірт қатысты.