Шу қаласы «Кәрібай молда» мешітінде күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Алла үйінен көмек сұрай келген қарияға қайырымдылық жасалды.
Отбасылық тауқыметтің қысыл-таяң сәтінде кімге барып жәрдем сұрарын білмеген ана мешітке үлкен үмітпен келіпті.
Аталған мешіттің имамы Аят Дыбысұлы қарт ананың көңілін қалдырмай 120 000 теңге қаражатты көмекке табыстады. Ана алғысын айтып, батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі