Тараз қаласы 59/7 түзету мекемесіне қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Аманбаев Ержан 300 адамға ауызашар берді. Түзету мекемесінде отырған адамдарға дастархан жайып, уағыз-насихат айтты.
Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады дегендей аузы берік адамға ас беру – үлкен сауап болады.
Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді. Хадис шәрифте былай делінген: «Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту».
"Әулие ата" мешітінің баспасө қызметі