#Рысқұлов: «Құраным – мәңгі қорғаным» атты құран жарысы өтті

#Рысқұлов: «Құраным – мәңгі қорғаным» атты құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің шәкірттері арасында Қасиетті айдың қарсаңында Алланың сөзі – құраннан жарыс өтті. Жарыс «Құраным – мәңгі қорғаным» тақырыбында мешіттің әйел-қыздар шәкірттерінің қатысуымен өтті. Жарысқа мешіттің имамы Сабырханов Үмбет пен Абу Бекер Шербаевич қари төрелік етіп, шәкірттердің жаттау қабілетіне, тәжуид қағидаларына және қатесіз оқуына аса мән берді.

Жарты пара және 10 сүре аралығында мешіттің 11 шәкірті жатқа айтудан жарысты. 10 сүре аралығында:

1-орын Телекей Әмина

2-орын Захирқызы Марзия

3-орын Элевсизова Жібек иемденсе, ал жарты парадан:

1-орын Базарбаева Гүлжайна

2-орын Утегенова Камилаға бұйырды.

Орын алған шәкірттерімізге мешіттің бас имамы  Үмбет Сабырханов алғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар үлестіріп берді. Және барлық қатысушыларға да қатысқандары үшін ынталандыру сыйлығы үлестірілді. Құран жарыстан соң мешітте шәкірттерге ауызашар ұйымдастырылды.

Алла Тағала Құранды шынайы ниетпен оқып, оған амал етушілерден етсін! Барлық Құран жарысқа қатысушыларға да, ұйымдастырушыларға да Алла разы болсын!

 Айгерім Шынали

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: