Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен тарауық намазына жиналған жамағаттың білім деңгейі тексерілді.
Рамазан айы басталысымен құптан намазының алдында күнделікті уағыз жүргізілген болатын. Уағыз Ислам шариғаты, сенім мәселелері, сира және әдеп тақырыптарында жүргізілді. Рамазан айының алғашқы 10 күндігінде сол уағыздан сусындаған жамағат арасында білім деңгйін тексеру үшін «Сұрақ-Жауап» ұйымдастырылды. Сұраққа дұрыс жауап берген бауырларымызға сыйлықтар берілді. Және де Құран оқып көзге түскен ағаларымызға мешіт атынан Құран Кәрім табыстады.
Бас имам бұл іс-шара өз жалғасын тауып Рамазан айының әр 10 күндігінде ұйымдастырылып тұратынын хабарлады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі