Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Бурыл ауылдық «Шопан Дәуіт» мешітін зерделеді.
Зерделеу барысында аудан бас имамы мешіт сөресіндегі діни әдебиеттерді тексеріп, нәтижесінде сараптамадан өтпеген оқулық анықталмады. «Шопан Дәуіт» мешітінің имамы Тілеуқұлов Қанат бас имамға мешіттің тыныс-тіршілігін айтып, алдағы атқарылар іс-шараларының жоспарымен бөлісті.
Қанат Әділханұлы орындалуы тиіс шараларды уақытында орындауды, жамағатқа дәрістерді жүйелі түрде өткізу мәселелерін тапсырды. Аудан имамы мешіт дәретханасының тазалығына жақсы баға берді.
Байзақ ауданының баспасөз қызметі