#Меркі ауданы: «Рахымбай ата» мешітіндегі алғашқы ауызашар

#Меркі ауданы: «Рахымбай ата» мешітіндегі алғашқы ауызашар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жылдың желтоқсан  айында Меркі ауданы, Екпінді ауылында «Рахымбай ата» мешітінің ғимараты заман талабына сай жаңартылып, салтанатты түрде ашылып, халық игілігіне берілген болатын.

Айта кетсек, осы мешіттің ескі ғимаратында кезінде аталған кәсіпкер Алмаз мырза тұрғызған болатын. Заман орынында тұрмасы анық. Заман талабыда өзгеруде. Мешіттің кішігірім болуы және қазіргі заман талабына сай болмай қалғанын көріп кәсіпкер ағамыз қайта өз қолына алып, Екпінді ауыл тұрғындарына жаңа ғимарат тұрғызып, сыйға тартты.

Екпінді ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мешітте бір мезетте 150-200 адамдай құлшылығын өтей алады.

Сонымен қатар, мешіт жанынан асхана құрылысы бітіп, ел игілігіне берілген болатын. Мешіт имамы Токушбеков Серікханның ұйымдастыруымен асханада алғашқы ауызашар беріліп, уағыз айтылды.

Осындай игі іске қол үшын сөзып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтерінде абырой бедел берсін.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: