Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты.
Насихат барысында Қанат Әділханұлы: «Мешіт жамағатымен көрікті. Ауызбіршілік бар жерде береке бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) хадисінде: «Мұсылман мұсылманға бауыр», - деген.
Насихат соңында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы жамағатпен бірге бесін намазын оқып, елдің тыныштығы әрі амандығы үшін дұға жасады.
Байзақ ауданының баспасөз қызметі