Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 1-аймаққа қарасты Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінде, Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінде, Қызыл жұлдыз ауылдық «Бейшен» мешітінде және Қостөбе ауылдық «Қостөбе» мешітінде ауызашарлар берілуде.
Ауызашар дастарханында ауыл имам-молдалары «Рамазан – рухани кемелдену айы», «Рамазан – нәфсіні тәрбейлейтін ай», «Рамазан – берекелі ай» сынды тақырыптарда уағыз-насихат жүргізуде.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің жамағатымен ауызашар дастарханында бас қосты.
Қанат Әділханұлы: «Бүгін Алланың қалауымен сіздермен бірге оразамызды ашып отырмыз. Рамазан айындағы ұстаған оразаларыңызды Аллам қабыл етсін! Рамазан айы бүкіл жаманшылықтан тыйылатын ай», - деп, оразаның пайдалары мен ауызашар берудің сауаптылығына кеңінен тоқталды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі