Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде Жамбыл облысының Дін істері басқармасы мен аудандық мешіттің ұйымдастыруымен дін мен дәстүрді дәріптейтін арнайы іс-шара өткізілді. Аталмыш шарада қазақтың ұлттық ойындарынан бірқатар сайыстар болды. Оның ішінде атап айтсақ, асық атудан, арқан тартыстан және қол күрестен мешіт жамағаты өз бақтарын сынады. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды.
Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек.
Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Сайыс соңында ат салысып, ойынға қатысқан жамағаттарға арнайы алғыс хаттар мен діни кітаптар сыйға тартылды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі