Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешіті мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен аудандық әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен он отбасыға қайырымдылық себеттері үлестірілді. Қайырымдылық көмекке екі 150 000 теңге қаражат жұмсалды.
Айлардың сұланы Рамазан – Алла тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы. Бұл айда Аллаға мойынсұнған жұмыр басты пенделерге сауап жинаудың өте көп мүмкіндіктері берілген. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің мүбәрак хадистерінің бірінде: «Мұсылмандар үшін бұл айдан қайырлы ай жоқ» , - дейді.
Міне, осы хадисте айтылғандай, Рамазан айында шексіз мейірімді Жаратушы Жаппар Иеміз жасалған игі істердің сауабын еселеп беріп, Өзінің жомарттық сипатын айдай әлемге паш етеді. Сондықтан, игі істе мейлінше, алда болуға, сонымен бірге осы айда көптеп жақсылық жасауға асығайық!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі