Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің асханасында мешіт жамағатына арнап ауыз ашарлар өткізілуде. Аудандық мешіт асханасына жүз адамдық ауызашар дастарханы жайылды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бірнеше хадистерінде ораза ұстаушыға ауыз аштырған адамға ораза ұстағанның сауабындай сауап берілетіндігі әрі ауыз ашқан кісіден сауабы еш кемітілмейтіндігі айтылған. Тіпті бір құрма немесе бір жұтым су беріп болса да ауыз аштырған мұсылманға берілер сауабы мол делінген.
Осы орайда, ауыз ашар беруге шамасы келмейтін немесе уақыты тығыз болып, уақыт таба алмаған кісілер ораза ұстаған кісіге бір түйір құрмамен болса да немесе бір жұтым сумен болса да ауыз аштырса, оларға да бұл аталмыш жақсылықтардың берілері сөзсіз. Осыдан да Рамазан айының қаншалықты берекелі ай екендігін ұғынуға болады. Алла тағала тұтқан оразаларымызға еселеп сауап жазғай!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі