#Жамбыл: Ауыл имамдарына сыйлық берілді

#Жамбыл: Ауыл имамдарына сыйлық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының бастамасымен, мешіт жамағатының ұйымдастыруымен ауданға қарасты ауылдық мешіт имамдарына қасиетті Рамазан айына орай, арнайы сый табыс етілді.

Көпбалалы отбасылы имамдарға  азық-түлік себеттері үлестірілді. Ақбұлым ауылдық «Нұртай ата» мешітінің имамы Естеков Сабит, Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Сапарбеков Ержан мен Қызылдихан ауылдық «Махат ата» мешітінің имамы Чалиев Ескендірге аудандық мешіт жамағаты атынан сый табыс етілген болатын.

Имамдарға берілген сыйға сексен мың теңге қаражат жұмсалған. Аталған арнайы сыйды алған дін қызметкерлері мешіт жамағаты мен аудан имамына өз алғыстарын білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: