Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауылдық мешіттерде дәрістер өз жалғасын табуда.
Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауылдық жерлерге діни білімді жеткізу мақсатында, аудан орталығында орналасқан мешіт қызметкерлерін арнайы белгіленген күндерге бекітіп, ауыл жамағаттарына дәріс беруді қолға алған-тұғын. Ұлдарға да, қыздарға да мұғалім сәни, намаз оқып үйрену, дәрет алу және т.б. Ислам шариғатының негіздерінен дәрістер жүріп жатыр.
Алла Тағала имамдарымыздың қызметін қабыл етіп, сауаптан жазғай. Дін үйренушілердің зейінін ашып, дінді толық түсінуді нәсіп еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі