Талас ауданы, Қаратау қаласы "Абдірашит-ата" мешітінің ұстазы және Талас аудандық жастар ісі жөніндегі маманы Жанұзақ Рысбекұлы Талас аудандық Пробация бөлімінде есепте тұрған маргиналды жастармен "Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң" атты іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты - есепте тұрған азаматтарға Пайғамбарымыздың "Барлық адам баласы қателесуші, қателесушілердің жақсысы тәубәға келгендері" дегеніндей және қазақтың "жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" деп айтқан қанатты сөзін тілге тиек ете отырып, жарқын болашақтың үміт сәулесін түсіру болатын.
Осы орайда, қатысушыларға рухани әңгіме айтылып, аят-хадиске шөлдеген көкіректер білім нәрімен сусындады. Ойда жүрген көкейтесті сұрақтарын жаудырып, тәубенің ақ таңы атқандай болып тұшымды жауапқа қанық болды.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі