#Талас: Көрісу күні мектеп оқушыларымен тәрбие сағаты жасалды

#Талас: Көрісу күні мектеп оқушыларымен тәрбие сағаты жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қаратау қалас "Абдірашит-ата" мешітінің ұстазы және Талас аудандық жастар ісі жөніндегі маманы Жанұзақ Рысбекұлы "Көрісу күніне" орай Қаратау қаласы, Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің оқушыларымен "Салт-дәстүрім қазынам" атты іс-шара ұйымдастырды.

Шараның мақсаты, жас жеткіншектерге салт-дәстүр жайында, тәртіп-тәрбиенің қазақи болуының маңыздылығы турасында баяндау болатын. Сәйкесінше, Жанұзақ Рысбекұлы оқушыларға Қазақ зиялыларының рухани өлеңдерін, айтқан даналық ойларын тілге тиек ете отырып, ұтымды жеткізді.

Балаларды сұраққа тарта отырып, әңгіменің ауанын қызықтырып, екі тараптық еткені құнды болды. Балалар қойған сұрақтарына жауап алып, марқайып қалды.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: