#Талас: Қаратаулықтар РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұлдың насихатын тыңдады

#Талас: Қаратаулықтар РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұлдың насихатын тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Қаратау қаласы "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғас Дүйсенбайұлы "Әбдібай-ата" мешітінде "Насихат дастарханын" ұйымдастырды. Әс-шарада РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл қонақта болып, әсерлі уағыз айтты.

Шараның мақсаты, елімізге мәшһүр исламтанушы, теолог ұстаздарды шақырып, аудан халқын білімнің қайнар бұлағынан сусындату. Тиісінше Қанат Жұмағұл ұстаз бір жарым сағатқа созылған уағызында құранның қасиетті қиссаларынан ғибараттар айтып, өмірлік азыққа жарайтын үлгі-өнеге келтірді.

Жамағаттың тарапынан қойылған сұрақтарға ұстазымыз тұшымды жауап берді. Жан сарайын ашатын, көмескіленген діни ахуалды сілкитін, Алланы еске алып, рухани түрленетін осындай отырыстарымыздың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын хабарлаймыз.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: