#Талас: Ауыл жамағаты 2 шақырым арықты тазалап шықты

#Талас: Ауыл жамағаты 2 шақырым арықты тазалап шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы, Тамды ауылы "Тәңкібай-ата" мешітінің имамы Нурбол  Турекулов ауыл жастары мен мешіт жамағатын игі іске жұмылдырды. Ауылға келетін арық пен латоктарды тазалау жұмыстарына кірісіп, көктемгі тіршіліктің даярлықтарын бастап кетті.

"Жылап жүріп арық тазаласаң, күліп жүріп су суғарасын" деген қағиданы жете білетін ауыл ағайындары алқапқа су келетін 2 шақырым арықты толық тазалап шықты. Халық мешіт жамағаттары мен жастарға үлкен рахметтерін айтып жатты.

Ымыраласып жасалған берекелі іс көпшіліктің қолдауымен тез арада өнімді болды. Айта кететін болсақ, ауыл адамдарын ұйытып отқан, келелі іске мұрындық болып, имандылыққа баулып жүрген Нұрбол имамның елеулі еңбегін ескере кеткенді жөн көрдік. Алла рахметін жаудырғырларға сәттілік тілеп, алдағы іс-шаралар легін қуанышпен күтеміз!

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: