#Талас: Деструктивті діни ағымдар туралы ақпарат берілді

#Талас: Деструктивті діни ағымдар туралы ақпарат берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы "Әбдібай ата" мешітінің жамағатымен еліміздегі деструктивті діни ағымдар туралы кездесу өткізді. Кездесу барысында, жиналған жамағатқа елімізде көрініс тапқан Салафи-уахабилік, Тәблиғи жамағат, Хизбут тахрир, Қадияншылар, Құраншылар сынды деструктивті діни ағымдар туралы жамағатқа кең көлемде ақпарат берілді.

Имам Ахат Қайыпбергенұлы жастарымызды діни сауатты болуға, діни ағымдармен күрес тек имамдарға ғана жүктелген жүк емес, әрбір есті мұсылман баласының міндеті екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, діни ілімді тек мешіт қызметкерлерінен ғана алуға үндеді.

Өз кезегінде, "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек осындай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, Ахат Қайыпбергенұлына алғысын білдірді.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: