«Абай Құнанбайұлының дін және сенім туралы ойлары» тақырыбында Тараз шаһарының бас имамы мешіт жамағатына дәріс жүргізді. Дәріс шам намазынан кейін қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде өтті.
Жамағатқа Абай атамыз қазақтың бас ақыны болып қана қойған жоқ, сонымен бірге қара сөздерімен халықты тәрбиелеп, адамгершілікке, имандылыққа шақырағанын үгіттеді.
Оның «Он үшінші» және «Отыз сегізінші» қара сөздері соның дәлелі. Қазіргідей діни мәселелер ушығып тұрған заманда осындай ойшылдарымыздың сөзіне құлақ түрмеске болмайды. Себебі, олардың сөзі хақты сөйлей білді, ал хақ қашан да құнды.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі