Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітінде кеңейту жұмыстары жүруде. Атап айтар болсақ, жанынан тағы бір қолсалқы бөлме қосылып, оның жылы едені жүргізілуде. Мешіт құрылысы демеушілермен қайырымды жамағаттың көмегімен жасалып жатыр.
Жалпы, мешіт салудың, мешітке қол ұшын беріп көмектесудің сауабы қаншалықты үлкен екені жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді.
Ең бастысы сауапты іс жасаймын деген азамат қайырлы істі атақ пен абырой алу үшін емес, Жаратушының разылығын алуды мақсат етуі керек.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі