Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің жанындағы «Қамқор» қайырымдылық дүкенінің ұйымдастыруымен «қолдан – қолға» қайырымдылық науқаны өткізілді.
Аталған шара бойынша тұрмыс – жағдайы төмен он бес аудандық отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық көмекке екі жүз мыңға жуық қаражат жұмсалды. Аталмыш көмекті алған отбасылар аудандық мешіт ұжымына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


07 Наурыз 2026
18 Рамадан 1447

