Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Жамбыл облысына сапары барысында өңірдегі ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының жұмысымен танысты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Халал Дамуға" жауапты мамандардың жетістіктерін тілге тиек етіп, өңірдегі халал куәлігін алуға деген сұраныс жайлы статистикалық мәліметтер беріп өтті.
Абылайхан Ғабитұлы халал өнімдерді тексеру барысын, жұмыс бабын тілге тиек етті. Наиб мүфти жас мамандарға сәттілік тілеп, батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі