Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде ауыл имамы Керимов Айтжан құптан намазынан кейін жастар арасында «Рамазанға дайындық» тақырыбы аясында насихат айтты.
Кез келген маңызды іс дайындықты талап етеді. Мұсылман адам Құран түсірілген, күнәлардың кешірілуіне себепші болатын, жаннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын, шайтандар кісенделетін, жылына бір мәрте ғана келетін Рамазан атты ұлық айдың келуіне үлкен дайындықпен қадам басқан жөн. Рамазан біздерге жылына бір мәрте келетін қонақ іспеттес. Егер біз оны құрметпен қарсы алсақ, қияметте құрметке бөленуімізге себепші болады.
Қасиетті айдың әр уақытын бағалап, дұрыс әрі жақсылық амалдарға толы етіп өткізу үшін қажетті бірнеше әдептерді ауыл имамы жастарға тізіп айтып берді, сонымен бірге осы амалдарды ескерудің дұрыстығын баса айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі